ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР (ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ)
15. Білім алушы сабақ тоқтатылған күндері сабақта болмаған жағдайда, тапсырманы өздігінен, оның ішінде білім беру ұйымы орнатқан қашықтықтан оқыту режимінде орындайды.
16. Сабақ тоқтатылған күндері орындаған тапсырманы педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады.
17. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
1) сабақ тоқтатылған күндері балаларының білім беру ұйымына бармауы туралы шешімді өздігінен қабылдайды;
2) білім беру ұйымының сабақ тоқтатылған күндердегі жұмыс кестесімен танысады.
18. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
1) сабақ тоқтатылған күндері балаларының үй тапсырмасын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
2) сабақ тоқтатылған күндері баласының білім беру ұйымына баруы туралы шешім қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымына баруы мен қайтуы жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сабақтардың тоқтатылуы туралы сағат 6.45–7.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін, сағат 11.15–13.30-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін хабарландырылады.