Егіндікөл
|
Ел |
Қазақстан |
|
Облыс |
Ақмола |
|
Ауылдық аудан |
Егіндікөл |
|
Ауылдық округ |
Егіндікөл |
|
Құрылған жылы |
1954 |
|
Бұрынғы атауы |
1999 жылға дейін – Краснознаменское |
|
Халқы |
3285 (2009) |
|
Телефон коды |
+771642 |
|
Пошталық индексі |
020600 |
|
Автомобиль коды |
03 |
|
КАТО коды |
114430100 |
Егіндікөл – Қазақстанның Ақмола облысындағы ауыл, Егіндікөл ауданының әкімшілік орталығы, Егіндікөл ауылдық округінің әкімшілік орталығы және жалғыз елді мекен.
Ауыл Нұр-Сұлтан қаласынан 180 шақырым және облыс орталығы Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 355 шақырымда орналасқан.
Егіндікөл ауданның барлық 13 елді мекенімен, Қорғалжын ауылымен және Ладыженка ауылымен грейдерлі автомобиль жолдарымен; Астана және Көкшетау қалаларымен асфальтталған жолмен байланысады.
Жақын темір жол станциясы – Жалтыр 90 шақырым.
Ауданның елді мекендері, Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларымен байланыс автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.