ҚҰРМЕТТІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ!
13. Сынып жетекшісі:
1) сабақтың тоқтатылғандығы туралы ақпаратты білім алушылар мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) назарына жеткізеді;
2) сабақ тоқтатылған күндері сабаққа келген білім алушылардың есебін қатаң жүргізеді, білім беру ұйымының басшысына білім алушылардың саны туралы баяндайды, сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының педагогикалық және басқа қызметкерлерінің білім алушыларды үйге қайтаруына жол бермеуін бақылауды жүзеге асырады;
3) сабақ аяқталған соң ата-аналарының (заңды өкілдерінің) шығарып салуымен білім алушылардың үйге ұйымдасқан түрде қайтуын қамтамасыз етеді;
4) оқушылардың күнделіктерінде, сайтта сабақ тоқтатылатын күндерді белгілеу үшін ауа райы жағдайын анықтау кестесі, сабақты тоқтату күндерін хабарлау уақыты және хабарландыру беретін бұқаралық ақпарат құралдары телефондарының нөмірлері туралы мәліметті орналастырады;
5) ата-аналарды (заңды өкілдерді) олардың балаларының сабақ тоқтатылған күндердегі, оның ішінде білім алушылардың қашықтықтан оқыту нысандарын қолдану және өзіндік жұмыс жағдайындағы оқу әрекетінің қорытындысы туралы хабардар етеді.
1) сабақ тоқтатылған күндері педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы оқу жүктемесімен анықталады;
2) педагогтер оқу бағдарламасына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға дер кезінде түзету енгізуді жүзеге асырады;
3) білім алушылар сабақта болмаған жағдайда педагог директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен жүргізілетін жұмыс түрлерін келіседі.
Сабақтардың тоқтатылуы туралы сағат 6.45–7.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін, сағат 11.15–13.30-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін хабарландырылады.