"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қандай текше?

03.02.2021

Тақырыбы:

Қандай текше?

Мектеп:  Егіндікөл №2 орта мектебі

Күні, айы: 17.09

Мұғалімнің   аты-жөні: Амантаева Д.Н

Мектепалды сыныбы

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.4.1 Қарапайым сұрақтарға ым-ишара (мысалы, затқа немесе суретке нұсқау), сөздер және қысқа фразамен жауап қайтару

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.4.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу

0.5.1.4 Сөйлеу барысында заттың санын білдіретін сөздерді қолдану

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Қарапайым сұрақтарға ым-ишара (мысалы, затқа немесе суретке нұсқау), сөздер және қысқа фразамен жауап қайтара алады. Сөйлеу барысында лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады, дұрыс дыбыстай алады, қандай? сұрағын түсінеді, сабақта үйренген түс атауларын мұғалімнің көмегімен атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізе алады, тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады

Кейбір оқушылар: Сөйлеу барысында заттың сынын (заттың түсін) білдіретін сөздерді қолдана алады, басқа да түс атауларын атай алады, заттарды түсіне қарай еркін ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

 

Сабақ басы (3 минут)

Оқушылардың дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырамын. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

 

Сабақ  ортасы (5–20 минут)

1-тапсырма

Балалардың назарын текшеге аудартамын. Балалар ойыншықтың атауын (текше) еске түсіреді. Содан кейін тыңдау, қайталау және суреттен көрсету арқылы қызыл, сары, жасыл деген түстермен танысады. Осыдан кейін мен балаларға «сары текше» десем, балалар суреттегі сары текшені қарындашпен қоршайды. Осылай жасыл және сары текше бойынша да жұмыс жүргізіледі. Бұл арқылы оқушылар тыңдаған ақпаратты түсінгендерін көрсете алады.

 2-тапсырмада

 Мұнда қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздердің (көк, қызыл) дыбысталуына ерекше назар аудартамын.  Осы тапсырма арқылы сөздерді тыңдап, қайталау жұмыстарын жүргіземін. Мұнда қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздердің (көк, қызыл) дыбысталуына ерекше назар аударамын. 

4-тапсырма

 Бұл тапсырмада балалар үзік сызықтармен  берілген доптар мен текшелерді бастырады да,  қасында берілген түске бояйды. Сондай-ақ доп, текше сөздерін тағы бір қайталайды.

 5-тапсырма

 балалар қандай? қызыл, көк сөздерін  тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән қ, ы, ө дыбыстарын қайталайды.

Балалар ұшақ, қуыршақ сөздерін  тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ұ, қ  дыбыстарын қайталайды.

 

 

 

 

Әліппедәптер. Аудиодиск: 1.5.1

1.5.2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Аудиодиск: 1.5.5

 

Сабақтың соңы (2 минут)

Сабақты қорытындылау мақсатында балалармен кері байланыс орнатамын. Сабақ  барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.02.2021 22:34
Құрылған күні: 03.02.2021 22:34

Текст