"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұл кім?

03.02.2021

Тақырыбы:

Бұл кім?

Мектеп:  Егіндікөл №2 орта мектебі

Күні, айы: 10.09

Мұғалімнің   аты-жөні: Амантаева Д.Н

Мектепалды сыныбы

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.1.1 Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау

0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.5.1.2 Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану 

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, сөздерді дұрыс дыбыстай алады. Кім? сұрағын түсінеді, осы сұраққа жауап беретін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады. Сөйлеу барысында лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Кім? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады, ҰОҚ-да үйренген сөйлесу үлгісін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

 

Сабақ басы (2–4 минут)

Оқушылардың дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырамын. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

 

Сабақ  ортасы (5–20 минут)

1-тапсырма

кім? сұрағына жауап беретін сөзбен таныстырамын.

Берілген сөйлесу үлгісін тыңдатып, қайталату жұмыстарын жүргіземін, жаңа сөздердің дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударамын. 

2-тапсырмада

 Балалар ата сөзін қайталайды, сондай-ақ әже және бала сөзімен танысады. «Бұл  кім?» сұрағына жауап беру арқылы жаңа сөздер қайталанады. (Ж) Сондай-ақ осы сұрақжауап үлгісін жұптық жұмыс жүргіземін.

Сөйлесу үлгісіне екі баланы шығарамын. Бір бала (сұрақ қоятын бала) үш суреттің (ата, әже, бала) бірін таңдайды. Содан кейін бірінші бала таңдаған суретті көрсетіп, екінші балаға сұрақ қояды.

3-тапсырмада

 Тапсырма бойынша суреттегі қыз бала алдынан шығатын адамдармен амандасуы қажет. Олар: әже, ата және бала. Оқушылар суреттегі қыздың кіммен қалай амандасатынын айтады. Осы арқылы үлкен кісілермен және өзі қатарлас балалармен амандасу үлгілерін еске түсіреді.

 4-тапсырма

жұптық жұмыс ретінде жүргізіледі. Оқушылар берілген диалогті тыңдайды, қайталайды. Содан кейін осы үлгі бойынша сөйлеседі. Сөйлесу барысында амандасу, танысу  үлгілері қайталанады және «Бұл кім?» сұрағы бекітіледі.

(Ұ) 5-тапсырма Балалар «Бұл кім? Бұл – әже» деген сөйлеу үлгісін  тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ұ, і дыбыстарын қайталайды.

Әліппе

дәптер.

 

 

 

 

Аудиодиск:

1.3.1 1.3.2 1.3.4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Аудиодиск: 1.3.5 

 

Сабақтың соңы (5 минут)

Сабақты қорытындылау мақсатында балалармен кері байланыс орнатамын. Сабақ барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.02.2021 22:32
Құрылған күні: 03.02.2021 22:32

Текст