"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұл не?

03.02.2021

Тақырыбы:

Бұл не?

Мектеп:  Егіндікөл №2 орта мектебі

Күні, айы: 12.09

Мұғалімнің   аты-жөні: Амантаева Д.Н

Мектепалды сыныбы

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.3.1.1 Ақпаратты сурет, иллюстра циядан табу және сәйкестендіру

0.5.1.1 Сөйлеу барысында заттың атауын білдіретін сөздерді қолдану

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында заттың атауын білдіретін сөздерді қолдана алады, не? сұрағын түсінеді, осы сұраққа жауап беретін сөздер қатарын атай алады, жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, ақпаратты сурет, иллюстрациядан таба алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын тақырыпқа қатысты сөйлеу/ сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады.

Кейбір оқушылар: Заттың атауын білдіретін сөздерді және ҰОҚ-да үйренген сөйлесу үлгісін сөйлеу барысында еркін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

 

Сабақ басы (3 минут)

Оқушылардың дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырамын. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

 

Сабақ  ортасы (5–20 минут)

1-тапсырма

Балалар «Бұл – доп» деген сөйлеу үлгісімен танысады, берілген үлгіні  тыңдайды, қайталайды. Осыдан кейін педагог балалардың назарын суреттегі басқа ойыншықтарға аударады. Балалар өздері білетін ойыншықтарын атай алады.

2-тапсырмада

 Әр ойыншықтың атауымен жеке-жеке таныстырамын. Жаңа сөздерді тыңдату, қайталату, сурет бойынша атау сияқты жұмыс түрлері жүргіземін.

3-тапсырмада

Балалар менің көмегімен суретте қандай ойыншықтар бар екенін табуы  керек. Ойыншықты тапқаннан  кейін қарындашпен бастырып шығады. Оқушылар суреттен сабақта танысқан төрт ойыншықты табуы қажет. Сол арқылы жаңа сөздер қатарын қайталайды.

4-тапсырма

 Оқушылардың назарын "Бұл кім?", "Бұл не?" сұрақтарының айырмашылығына аудартамын.Суреттер бойынша ата, әже, бала, ұшақ, қуыршақ, доп, текше сөздерін  қайталайды. Содан кейін тапсырмада берілген сұраққа қандай жауап сәйкес келетінін айтады.

5-тапсырма

Балалар ұшақ, қуыршақ сөздерін  тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ұ, қ  дыбыстарын қайталайды.

 

 

 

 

Әліппедәптер. Аудиодиск: 1.4.1

1.4.2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Аудиодиск: 1.4.5

 

Сабақтың соңы (2 минут)

Сабақты қорытындылау мақсатында балалармен кері байланыс орнатамын. Сабақ  барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.02.2021 22:33
Құрылған күні: 03.02.2021 22:33

Текст