"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің атым – Алмагүл

03.02.2021

Тақырыбы:

Менің атым – Алмагүл

Мектеп:  Егіндікөл №2 орта мектебі

Күні, айы:

Мұғалімнің   аты-жөні: Амантаева Д.Н

Мектепалды сыныбы

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.1.1 Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.2.3.1 Сұхбаттасын ықылас қойып тыңдау және жағдаятына байланысты, мимиканы, ым ишараны қолданып, қысқа фразалармен жауап беру

0.5.1.2 Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын мұғалімнің көмегімен қолдана алады. Сенің атың кім? деген сұрақты түсінеді, осы сұрақ бойынша сұхбаттасына қысқа фразалармен жауап бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.

Кейбір оқушылар: Сөйлеу барысында лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді және  амандасу, танысу, қоштасу үлгілерінің басқа да түрлерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

 

Сабақ басы (3 минут)

Оқушылардың дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырамын. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

 

Сабақ  ортасы (5–20 минут)

1-тапсырма

Балалардан осы тапсырмадағы қызбен қалай амандасатындарын сұрайды. Балалар бұл өздері қатарлас қыз болғандықтан, «Сәлем!» деп амандасатындарын білуі қажет. Осыдан кейін мен  балаларды «Менің атым – Алмагүл» деген сөйлеу үлгісімен таныстырады. Балаларға тыңдату, қайталату арқылы «менің атым» деген сөз тіркесі үйретемін. Алмагүлдің қолындағы алма мен гүлдің суретіне аудартамын. Бұл балалардың «Алмагүл» есімін жылдам есте сақтауларына көмектеседі. Сондай-ақ балалар Алмагүл деген есім арқылы жаңа сөздерді үйренеді. Алма және гүл сөздерін тағы бір қайталау үшін балалар осы тапсырмадағы алма мен гүлдің суретін өз қалаулары бойынша бояйды.

2-тапсырмада

 «Сенің атың кім?деп оқушылардан сұрап шығамын.

3-тапсырмада

  Диалогті  алғашқыда балалар   толықтай тыңдайды, қайталайды.  Содан кейін балалар осы үлгі бойынша бір-бірімен сөйлеседі. Сөйлесу арқылы амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін байланыстыра қолданады.

4-тапсырма

 Балалар «Сенің атың кім? Менің атым – Алмагүл» деген сөйлеу үлгісін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ү, і, ң дыбыстарын қайталайды

 

 

 

 

Әліппедәптер. Аудиодиск: 1.2.1

1.2.2

1.2.3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Аудиодиск: 1.2.4

 

Сабақтың соңы (2 минут)

Сабақты қорытындылау мақсатында балалармен кері байланыс орнатамын. Сабақ  барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.02.2021 22:31
Құрылған күні: 03.02.2021 22:31

Текст