"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәлем! Сау бол!

03.02.2021

Тақырыбы:

Сәлем! Сау бол!

Мектеп:  Егіндікөл №2 орта мектебі

Күні, айы:

Мұғалімнің   аты-жөні: Амантаева Д.Н

Мектепалды сыныбы

Қатысқан оқушылар  саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.2.1. Ықыласпен тыңдау және соған орай дұрыс әрекет ету (мимиканы, ым-ишараны, қимылды қолдану).

0.1.3.1. Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну.

0.2.1.1. Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану.

0.3.1.1. Ақпаратты сурет, иллюстра циядан табу және сәйкестендіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Ықыласпен тыңдайды және соған орай дұрыс әрекет етеді (мимиканы, ым-ишараны, қимылды қолдану). Амандасу, қоштасу үлгілерін ажырата алады, мұғалімнің көмегімен қолдана алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын, тақырыпқа қатысты сөйлеу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады. Ақпаратты сурет, иллюстрациядан  таба алады және сәйкестендіре алады.

Кейбір оқушылар: Амандасу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін және орынды қолдана алады, дұрыс дыбыстай алады. Амандасу, қоштасу үлгілерінің басқа да түрлерін атай алады

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

 

Сабақ басы (3 минут)

Оқушылардың дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырамын. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

 

Сабақ  ортасы (5–20 минут)

1-тапсырма

Балалардың назарын  екі баланың амандасу (Сәлем!) және қоштасу (Сау бол!) үлгілеріне,  содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу, қоштасу (Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!)  үлгілеріне  аудартамын. Балалар «Сәлем!» және «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды.

2-тапсырмада

 балалар берілген суреттер бойынша амандасу және қоштасу үлгілерін қайталайды. Балалар суреттегі әр адамға сәйкес келетін амандасу, қоштасу үлгілерін қолдануы қажет. Яғни суреттегі екі балаға «Сәлем!», «Сау бол!» үлгілері, ал үлкен кісілерге «Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!» үлгілері қолданылатынын есте сақтайды. Сондай-ақ осы тапсырмадағы штрих сызықтарды бас тыру және жолдан шығармай сызу арқылы каллиграфиялық нормаларды сақтауға үйренеді.

3-тапсырмада

 балалар амандасу, қоштасу үлгілерін қайталауға және есте сақтауға арналған ұйқас жолдарын қайталайды. Оны әуенмен айту балалардың жаңа сөздерді жылдам әрі қызықты есте сақтауына ықпал етеді.

 4-тапсырма

балалар амандасу және қоштасу үлгілерін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ә, ң дыбыстарын қайталайды.

 

 

 

 

Әліппедәптер. Аудиодиск: 1.1.1 1.1.3 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Аудиодиск: 1.1.4

 

Сабақтың соңы (2 минут)

Сабақты қорытындылау мақсатында балалармен кері байланыс орнатамын. Сабақ  барысында  нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 03.02.2021 22:30
Құрылған күні: 03.02.2021 22:30

Текст