"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәкен Әлімқұлов –шебер жазушы

21.05.2020

 

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Тарихи тұлғалар тағылымы.

Сабақтың тақырыбы

Тәкен Әлімқұлов –шебер жазушы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып,  талдау жасау.

8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы істей алады:мәтіннің мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көбі істей алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді, бір-бірімен салыстырады

Кейбір оқушылар істей алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді, бір-бірімен салыстырып талдау жасайды

Бағалау  критерийлері

  • Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Дескрипторлар

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді
  • Сұраққа жауап береді
  • Өз мәтіні бойынша сұраулық шылауларды қолдана отыра сұрақ құрастырады

Тілдік мақсаттар

Лексикалық минимум:Шала, дөңбекшу, толқысу, айдарлану, кіреуке, түрегелу

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша, меніңше, қорытындылай келе,

Құндылықтар

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды.

Пәнаралық байланыс

тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Тарихи тұлғалар тағылымы. Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгіме.

 

Жоспар

 

Фц-Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

 5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл екі адамның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?

 

Оқу мақсаттарымен танысады.

 

Слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин дайындық

 

 

 

 

12 мин  (әр жұп3 мин сөйлейді)

 

 

 

 

1+1 мин

 

 

 

 

2 мин дайындық

Айтылым алды тапсырма.Сөздердің мағынасын анықтаңыз.

Шала –

Дөңбекшу –

Толқысу –

Айдарлану –

Кіреуке –

Түрегелу –

 

Оқылым тапсырмасы.Мәтінді түсініп оқыңыздар.

 

А мәтіні

Ақыраптың    ұзақ    түнінде Мақамбеттің  ұйқысы  шала  болды. Әлденеден  көңілі  алағаржақтанып, жүрегі  өрекпіп,  дөңбекшіп  шықты. Құлқын сәріде төсектен тұрып, тысқа шығып  еді.  Үйінің  жанында  біраз тұрып қалды.Таң көктемнің таңындай толықсып атты.   Күз   таңының   мұншалық сұлулығын бұрын көрген емес-ті. Күн де  көктемнің  күніндей  айдарланып, сансыз  алтын  найзасын  шашағымен шашырата  шықты.  Қазіргі  сәтте шашақты  найзадан  айрылған  күн күйеудің   жыртысқа   түскен   сал орамалындай  пәршектенген  кіреуке бұлттардың   арасынан   сығалап қарайды. Асқа тіккен алтын жамбыға да ұқсап кетеді...

Ә мәтіні

Е, анаңды... – деп Мақамбеттің үстіне қона түсті. Малдас  құрып  отырған  Мақамбет  жығылмады.  Бір тізелеп  түрегеле  беріп,  басымен  Ықыласты  бұқаша сүзіп жіберді. Ықылас: «ах!» деп, аузын басып қалды. Осы уақытта Мақамбетке төрт адам жабылып үлгерген. Екеуі  екі  қолын  қайыра  бастады.  Мақамбет  құрыққа ілінген құландай:– Бала-шағадан аулақ! – деп жанұшыра бұлқынып, төрт  адамды  сүйрете-мүйрете  тысқа  шыға  бергенде, табалдырыққа сүрініп, етпетінен құлады.

 

Оқушылар туған айларына байланысты жұпқа бөлінеді. Жұпта берілген кестені толтырады.

 

А мәтіні

Ұқсастығы

Ә мәтіні

Мәтін не туралы?

Ұқсастықтары неде?

Мәтін не туралы?

Мәтіннің стильдік ерекшелігі неде?

Мәтіннің стильдік ерекшелігі неде?

Тілдік ерекшеліктері қандай?

Тілдік ерекшеліктері қандай?

 

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы әр жұп өз жұмыстарымен таныстырады. Әр жұмыстан соң сұраулық шылауларды қолдана отыра тыңдармандарына 2 сұрақ қояды.

 

«f» бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Дескрипторлар.

  • Сұраққа жауап береді
  • Өз мәтіні бойынша сұраулық шылауларды қолдана отыра сұрақ құрастырады

 

Мұғалімнің кері байланысы

 

 

Слайд 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.05.2020 16:27
Құрылған күні: 21.05.2020 16:27

Текст