БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАЛАУЛАРЫН АНЫҚТАУ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАЛАУЛАРЫН АНЫҚТАУ
Мектепте 1–9 сынып оқушылары арасында үйірмелер мен шығармашылық бірлестіктерді таңдауға қатысты қызығушылықтары мен қалауларын анықтау жұмыстары ұйымдастырылды.
Викториналар, ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар әртүрлі қызмет салаларымен танысып, өздерін қызықтыратын мамандықтар туралы ой бөлісті.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға қызығушылығын арттыруға бағытталды.