Сынып сағаты: «Жауапты таңдау, жауапты әрекет»
16.11.2026
Егіндікөл ауылындағы № 2 жалпы білім беретін мектептің 4 «А» сыныбында «Жауапты таңдау – жауапты әрекет» атты сабақ өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өз шешімдері мен әрекеттеріне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және саналы түрде таңдау жасау қабілетін дамыту болды.
Сабақ барысында оқушылар дұрыс таңдау жасаудың, өз іс-әрекеті үшін жауапкершілікті мойнына алудың және қабылданған шешімдердің салдарын түсінудің маңыздылығын талқылады.
Бұл іс-шара адалдық, мейірімділік және өзгелерге құрмет көрсету сияқты қасиеттерді дәріптеуге, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын бойға сіңіруге ықпал етті.
Просмотров: 0