«Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық»

16.11.2026

«Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында жеке деректерді қорғау, сенімді құпиясөздер құру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау, жалған ақпарат пен дипфейктерді анықтау мәселелері қарастырылды.
Цифрлық сауаттылықты арттыруға, интернет ресурстарын жауапкершілікпен пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты — цифрлық сауаттылықты арттыру және интернет кеңістігінде қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу