Бірінші сынып оқушылары үшін «Киберқауіпсіздік — қауіпсіз интернет!» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді
16.11.2026
Бірінші сынып оқушылары үшін «Киберқауіпсіздік — қауіпсіз интернет!» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында бірінші сынып оқушылары интернетте қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі ережелерімен танысты. Информатика пәнінің мұғалімі жеке деректерді, құпия сөздерді немесе үй мекенжайын бейтаныс адамдарға айтуға неге болмайтынын, сондай-ақ күмәнді сілтемелерді басудан және ересектердің рұқсатынсыз бейтаныс адамдармен сөйлесуден неліктен аулақ болу керектігін түсіндірді.
Интернетте қандай да бір күмәнді немесе ыңғайсыз жағдай туындаған кезде, міндетті түрде ата-анаға немесе мұғалімге жүгіну қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сабақтың негізгі түйіні: интернет оқу мен қарым-қатынас үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынғанымен, оны ақылмен, сақтықпен және жауапкершілікпен пайдалану қажет!
Мұндай бастамалар балалардың бойында ерте жастан бастап цифрлық сауаттылықты, жауапкершілік сезімін және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
#Adal_azamat
#aqmola.oblysy.adal.azamat
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva 405
#saltanat.temirgali