«Жауапты таңдау – жауапты іс-әрекет»

16.11.2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Егіндікөл ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің 10-сыныбында «Жауапты таңдау – жауапты іс-әрекет» тақырыбында сынып сағаты өтті. 
Мақсаты: оқушыларға таңдау, іс-әрекет және оның салдары арасындағы байланысты түсіндіру, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға, айналасындағыларды құрметтеуге және жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында маңызды бағыттар қарастырылды:  «Заң және тәртіп» – Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында саналы таңдау жасау, заңдарды сақтау және құқықтық жауапкершілік. «Еңбек адамы» – өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау, еңбекқорлық пен адалдық. DOSBOLLIKE – көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өзара сыйластық, ынтымақтастық және топпен жұмыс істеу дағдылары.  «Жеке қауіпсіздік» – дағдарыстық жағдайларда көмек сұрау ережелері, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері және қауіпсіз әрекет ету жолдары. 
 Сынып сағатының қорытындысында оқушылар әрбір іс-әрекеттің өз салдары болатынын, ал жауапкершілік саналы таңдау мен айналадағы адамдарға құрмет көрсетуден басталатынын түсінді. Бүгінгі жауапты таңдау – жарқын болашақтың кепілі!

 

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу