Жауапты таңдау — жауапты әрекет
16.11.2026
7 «А» сыныбына арналған білім беру бағдарламасы аясында «Саналы таңдау — жауапты әрекет» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар салмақты шешім қабылдаудың, өз әрекеттерінің салдарын түсінудің, сондай-ақ жеке қауіпсіздігі мен мінез-құлқына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын талқылады.
Сонымен қатар, «Жеке қауіпсіздік» модулі аясында «Шұғыл қызмет нөмірлері және көмек көрсету желілері» тақырыбы қамтылды. Оқушылар шұғыл жағдайларда хабарласатын маңызды телефон нөмірлерімен танысып, көмек сұрауды қажет ететін жағдайларды анықтады, сондай-ақ өзгелердің мәселелеріне бейжай қарамаудың неліктен маңызды екенін талқылады.
Бұдан бөлек, «Кибермәдениет айлығы» аясында «Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында сабақ өткізілді.
Оқушылар интернетте қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелерін, жеке деректерді қорғау жолдарын, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға байланысты тәуекелдерді, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі өз әрекеттері үшін жауапкершілікті қарастырды.
Бұл сабақтардың негізгі түйіні мынада: қауіпсіздік саналы таңдаудан басталады, ал жауапты әрекет — нақты өмірде де, интернетте де өзін және өзгелерді қорғай білу қабілеті.
#Adal_Azamat
#aqmola.oblysy.adal.azamat
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Kurmangalieva405
#saltanat.temirgali