ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ – ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ!

20.11.2026

ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ – ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛ!

2026 жылғы 19 қарашада мектебіміздің 8–10 сынып оқушылары Ақмола облысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, полиция және прокуратура өкілдерінің қатысуымен өткен «Құқықтық сағат» онлайн іс-шарасына қатысты.

Іс-шара барысында оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.

Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және өз құқықтары мен міндеттерін білуге бағыттау.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілігі жоғары, заңды құрметтейтін азамат болып өсуіне ықпал етеді.

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу