10-сыныпта «Энергияны үнемдеу – Қазақстанның болашағының ақылды таңдауы» тақырыбында сынып сағаты өтті.

23.11.2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 10-сыныбында «Энергияны үнемдеу — Қазақстанның болашағы үшін саналы таңдау» тақырыбында сынып сағаты өтті. 
Оқушылар энергияны тиімді пайдалану, табиғи ресурстарды сақтау және еліміздің экологиялық болашағына жеке жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады. 
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында электр энергиясын үнемдеудің тиімді жолдарын анықтады. «Заң және тәртіп» құндылығын кіріктіру барысында қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар энергетика және экология саласындағы болашағы зор мамандықтармен танысты. 
Жеке қауіпсіздік бөлімінде «Есірткі және есірткі тасымалдаушылар: жасөспірімдерді қылмысқа қалай тартады?» тақырыбы қозғалды. Оқушылар жеңіл табыстың қауіптілігі, заңсыз әрекеттерге тартылу жолдары және көмекке жүгіну тәртібі туралы пікір алмасты. 
Қорытынды: ресурстарды үнемдеу мен жауапты мінез-құлық — Қазақстанның қауіпсіз әрі тұрақты болашағының кепілі!

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу