9-сынып оқушылары үшін «Экологиялық мәдениеттің бір бөлігі ретінде энергияны үнемдеу» тақырыбында сабақ өткізілді.
23.11.2026
Тәрбие жоспарына сәйкес 9-сыныпта «Энергияны үнемдеу — экологиялық мәдениеттің бір бөлігі» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар күнделікті әдеттердің табиғи ресурстарды сақтауға қалай көмектесетінін талқылап, жасанды интеллект құралдарының көмегімен үй жағдайында энергияны үнемдеу тәсілдерін ұсынды. Балалар энергияны ұқыпты пайдалану жауапкершіліктің, экологиялық мәдениеттің және Қазақстанның болашағына деген қамқорлықтың көрінісі деген қорытындыға келді. Электр беру желілерінің, қосалқы станциялардың, үзілген сымдардың және басқа да энергетикалық нысандардың маңындағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды.
Просмотров: 0