4 «Б» сыныбында «Энергияны үнемдеу: Қазақстан экологиясына қосқан үлес» тақырыбында сабақ өтті.

25.11.2026

4 "Б "сыныбында «Энергияны үнемдеу – Қазақстан экологиясына қосқан үлес» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар энергияны үнемдеудің маңыздылығы туралы әңгімелесті. Электр қуатын, суды және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын талқылады. Сонымен қатар жарықты қажетсіз жақпау, электр құрылғыларын уақытында өшіру сияқты қарапайым, бірақ маңызды әдеттер туралы өз ойларымен бөлісті.
Оқушылар табиғатты қорғау әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталатынын түсінді. Энергияны үнемдеу – қоршаған ортаны қорғауға және Қазақстанның экологиялық болашағына қосқан үлесіміз!

Просмотров: 83


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу