Текст
4 қарашада 1 тоқсанның қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Бірінші мәселе бойынша - бірінші тоқсанның қорытындысы туралы ӘБ басшылары сөз сөйледі. Мұғалімдер сыныптардағы және мектептегі үлгерім деңгейін талдап, кейбір сыныптардағы үлгерімнің төмендеу себептерін анықтап, оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жұмыс істеуге шешім қабылдады. Пән мұғалімдері есеп берді. Педагогикалық кеңес жемісті өтті. Нәтижесінде мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша педагогикалық кеңестің шешімдері бірауыздан қабылданды, 2 тоқсанға жоспарлар белгіленді.