29 қазанда "білім беру ортасын ұйымдастыру: тиімді ынтымақтастық жолдары Мұғалім – оқушы – сынып жетекшісі - ата-ана"тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша мектептің қызметін талдау мұғалімдерді, оқушыларды білім сапасын және білім берудің барлық сатыларында оқушылардың білім деңгейін арттыру бойынша белсенді іс-әрекетке ынталандыру. Педагогикалық кеңесте келесі мәселелер қаралды: 1 тоқсанның қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру нәтижелерін талдау; 2023-2024 оқу жылының бірінші тоқсанының тәрбие жұмысының қорытындылары; білім беру ортасын ұйымдастыру: тиімді ынтымақтастық жолдары Мұғалім – оқушы – сынып жетекшісі – ата-ана; Lesson study бойынша фокус-топтардың жұмысын ұйымдастыру. Педагогикалық кеңес барысында үлкен тәжірибе жинақталып, ағымдағы жағдайды талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Соңында шешімдер қабылданды.