Текст
Гуманитарлық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі мен Қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің метапәндік айлығының жоспарына сәйкес 17 ақпан күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назира Нұрланқызы 5 "А" сыныбында "Тәуелсіз елдің Астанасы"атты ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: оқушылардың сөйлеу әрекеті негізінде тәуелсіз елдің астанасы туралы ақпараттық түсініктерін қалыптастыру.
Жаңа тақырып бойынша түрлі тілдік тапсырмаларды орындау негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру.
Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы патриоттық тәрбие беру.