Текст
5-сыныптағы сабақтың үзіндісі. Қазақстан тарихы сабағы. Тақырыбы: Ежелгі көшпенділер дүниетанымы No3 сабақ. Сабақтың негізгі кезеңі топтық жұмыс болды, мұнда топтан бір оқушы қабырғаға ілінген мәтінді тезірек оқып, кейін есте қалған ақпаратты өз тобына айтуы керек. Оқушылардың бұл әдіске қызығушылығы жоғары болды, сабақ соңында «Еркін микрофон» рефлексиясы өткізілді.
Мұғалім: Сулейменова С.С.