"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мамандықтар әлемін ашамыз»

04.03.2021

2021 жылдың 3 наурызында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы" шығармашыл дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы ""Мамандықтар әлемін ашамыз" Республикалық форумының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Конкурс білім алушылардың болашақ мамандығын табысты таңдауы үшін, еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында талап етілетін және қажетті, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық-маңызды кәсіптік бағдарлау қызметіне тарту үшін кәсіптерді зерделеуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыруға ықпал етеді.

Біздің мектептен "мен - мамандықтар әлемінде" номинациясына (эссе) орыс тілінде 10 сынып оқушысы Савина Ангелина және ағылшын тілінде 10 сынып оқушысы Абашева Эльвира қатысты. "Мұндай мамандық бар" номинациясына (презентациялар сайысы) 7-сынып Эйхвальд Екатерина "There is such profession veterinarian" және 6-сынып оқушысы Матвиенко Альбина "21 ғасыр экологы мамандығы"қатысты. Конкурстық жұмыстарды құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі білім алушылардың жұмыстары үздік болды:

"Мұндай мамандық бар" номинациясы»

Ағылшын тілінде: Эйхвальд Екатерина (Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі). Басшысы Бутьковец Светлана Ивановна

Мен – мамандықтар әлемімін (эссе)»

Орыс тілінде: Савина Ангелина (Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі). Басшысы Бутьковец Валентина Ивановна

Екатерина мен Ангелина "Мамандықтар әлемін ашамыз"Республикалық байқауында біздің облысты таныстырады. Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст