12 желтоқсанда «Ақмола облысы білім басқармасы Егіндікөл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Егіндікөл ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында 12 желтоқсанда «Біртұтас тәрбиесін» жүзеге асыру бойынша облыстық семинар-практикум өтті. Бағдарламаның мақсаты семинарға қатысушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруға және аудан мектептерінің іс-тәжірибеде іске асыруына көмектесу болды. білім бөлімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, Егіндікөл ауданындағы барлық мектептердің сынып жетекшілері, «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешілері, сонымен қатар барлық мектептердің жас мамандары қатысты.
Қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды, семинардың барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді. Семинар тақырыбына қызығушылықты арттыру мақсатында кіре берісте сұхбат ұйымдастырылды. Семинарды облыстық «Дингель» әдістемелік орталығының тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Андрей Владимирович құттықтау сөзімен ашты.