Келесі кезең «Балалар кітапханасы» бағытын дамыту – оқуға, білімге деген қызығушылықты қалыптастыру болды. Кітапханашы Гүлнар Жиенбекқызы Аубакирова және бастауыш сынып мұғалімдері: Светлана Олеговна Мырза және Надежда Валерьевна Зенченконың ұйымдастыруымен «Балалар кітабы» экскурсиясы + шеберлік сыныбы өтті.
Мақсаты: пәндік-дамыту ортасын ұйымдастыруда мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру. Балаларға арналған кітаптарды жасаудың жаңа тәсілдерімен таныстыру.
Кітапханашы Гүлнар Жиенбекқызы Әубәкірова семинар қонақтарын жұмыс түрлерімен, кітапхана қорымен, құжаттарымен таныстырып, кітапханаға экскурсия жасады. Түркістанда өткен Екінші Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Бұл бағдарлама өскелең ұрпақтың кітап оқуын арттыруға бағытталған. «Біз смартфондардың балаларға арналған кітаптарды алмастыруына жол бере алмаймыз», - деді Президент.
Кездесудің екінші кезеңі «Балалар кітабының» жеке өндірісі болды. Кітап жасау - бұл өте қызықты іс; ол қонақтарды бей-жай қалдырмайды. Кездесу пайдалы болды, әр тарап өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.