"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туберкулездің алдын алу айлығы

16.03.2021

2021 жылдың 25 ақпанынан бастап туберкулездің алдын алу айлығы өткізіледі.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықты өткізу мақсаты:

- Оқушылар мен мұғалімдердің туберкулез туралы хабардар болуын және уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажеттілігін арттыру;

- оқушылар мен ата-аналар, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

- Қазақстан Республикасында туберкулез бойынша жағдайды жақсарту үшін оқушылардың мінез-құлқын, мәселесіне деген көзқарасын өзгерту мақсатында жұртшылықты туберкулез проблемасына тарту және олардың күштерін жұмылдыру.

Мектептің медицина қызметкері А.Жилкайдарова оқушылармен сабақтар ұйымдастырды, онда туберкулезбен ауыру мәселелері қаралды, 240 адам қамтылды.

15.03.2021 жылы 5, 9, 11 сыныптарда "Туберкулез", "туберкулез туралы не білу керек", "Туберкулез және оның алдын алу" тақырыбында диктант өткізілді, аталған іс-шараға 70 оқушы қатысты.

1-4 сынып оқушылары үшін дене шынықтыру мұғалімдері Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлыққа орай спорттың ойын түрлері бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырды.

Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст