5 «А» сыныбында «Білім – Отан игілігіне» тақырыбында сынып сағаты өтті. Шара барысында оқушылармен мектепте алған білімнің елімізге пайдасы қандай, ынталы оқу, биік мақсатқа ұмтылу неліктен маңызды екендігі туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Балалар белсенді түрде өз ойларымен бөлісіп, болашақтың мамандықтары мен Қазақстанның дамуына әркім қалай үлес қоса алатынын талқылады.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы тақырыбында оқушылармен танымдық ойын өткізілді. Балалар ойын түрінде суда, жол жиегінде, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсірді, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін қайталады.
Сынып сағатының соңында оқушыларды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтап, көңілді, қызықты, ең бастысы жазғы демалысын қауіпсіз өткізу тіледі.