Текст
21.11.2025
«Маған көрсет, сонда мен есімде сақтаймын».
Конфуцийдің бұл сөзі көрнекі оқыту мен практикалық жұмыстардың есте сақтау және түсіну үшін әлдеқайда тиімді екенін атап көрсетеді.
Жаратылыстану сабағы кезінде оқушыларға заттың құрамын дәлелдейтін тәжірибе көрсетілді. Оқушылар органикалық және бейорганикалық заттардың түрлері туралы білді, қант пен тұздың әртүрлі заттар класына жататынын дәлелдей алды және QR кодын пайдаланып LearningApps тапсырмалары арқылы білімдерін нығайтты.
Жаратылыстану пәнінің мұғалімі Ж.К. Естаева