Текст
05.02.2026
Азаматтық сана мен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар аясында «Конституция – ұлттық тұрақтылық пен дамудың кепілі» тақырыбында мұғалімдер қауымдастығымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Конституцияның мемлекеттің құндылықтарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ тұрақты қоғамдық даму бағыттарын анықтайтын негізгі құжат ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Мұғалімдер жас ұрпақтың бойында елдің Негізгі Заңына құрметпен қарауды, оның нормаларын түсінуді және күнделікті өмірдегі практикалық маңыздылығын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.