Текст
19.02.2026
№2 жалпы білім беру мектебінде мұғалімдер құрамының қатысуымен «Тең қолжетімділік, білім беру сапасы және конституциялық нормаларды енгізудегі мұғалімнің рөлі» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында әрбір азаматтың білім алу құқығына, заң алдындағы теңдікке және кемсітушілікке жол бермеуге кепілдік беретін Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері қарастырылды. Тегін орта білім алу құқығын бекітетін және оның барлық санаттағы оқушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ететін ережелерге ерекше назар аударылды.