"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желілердеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар!

13.05.2026

Құрметті ата-аналар!

Бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індет тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, күнделікті өмірде де кездесіп жатады. Сондықтан оның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Баланың алғашқы тәрбиесі – отбасынан басталады. Сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңіз, адалдыққа деген көзқарастарыңыз балаңыздың болашақтағы ұстанымына тікелей әсер етеді. Егер бала әділдік пен шыншылдықты үйренсе, ол ешқашан заңсыз жолды таңдамауға тырысады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін:
🔹️балаларыңызға адалдық пен әділдіктің маңызын түсіндіріңіз;
🔹️заңды құрметтеуді үйретіңіз;
🔹️өз әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз;
🔹️қоғамдағы теріс әрекеттерге бейжай қарамауға тәрбиелеңіз.
Біз бірге әділ, таза және парасатты қоғам құра аламыз. Әр отбасы – болашақтың негізі. Сондықтан адал ұрпақ тәрбиелеу – ең маңызды міндет.
Жемқорлықсыз болашақ – біздің қолымызда!


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

Просмотров: 335


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст