Текст
14 қазанда "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті
виртуалды алаңда "Адал ұрпақ"мектеп қозғалысының ең белсенді өкілдері кездесті.
2015 жылдан бастап Ақмола облысының барлық мектептерінде 50 мыңнан астам оқушы кіретін "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары ашылды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында болашақтың міндеттерін түсіну өте маңызды.
Жас ұрпақтың күші, артықшылығы – креативтілікте, еркін ойлау қабілетінде, стандартты емес шешімдерді ұсына білуінде. Мұның бәрі сыбайлас жемқорлықтан ада елде ғана мүмкін.
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Тастемірұлы Рахимов сөз сөйледі.