📢Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!👨👩👧👦
⚠️Естеріңізге саламыз❗❗❗
🟢 Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.
💬 Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:⤵️
✅Ересектерсіз жолға шығуға болмайтындығын, егер ересек адаммен бірге келе жатса қолын босатпауды, тротуардан шықпауды;
✅Көшеде жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керектігін;
✅Жолдан өтер кезде жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізуін;
✅Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналғандығын;
✅Қоғамдық көлікте қолын немесе қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайтындығын.
⚠️Естеріңізге саламыз❗❗❗
💬 Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе қонақтар келген болса:⤵️
✅Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.
✅Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, тоққа қосылған заттар және т.б. босатыңыз.).
✅Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнап жүрмегеніне көз жеткізіңіз.
✅Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар❗️❗️❗️