Текст
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұлттық спорт түрлерінен аудандық турнир өткізілді. Бұл турнирде біздің мектепті Квиткина Алена 7-сынып, Баковец Сергей 7-сынып, Чертолин Никита 7-сынып және Уткина Варвара 6-сынып ұсынды. Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда жалпыкомандалық 3 орын, Алена 2 орын, Сергей 2 орын және Варвара 2 орын алды. Спортшыларымызды құттықтаймыз!