24.02.2022
23.02 "Егіндікөл ауылының агротехникалық колледжі" МКҚК базасында Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 32 жылдығына арналған АК толық емес бөлшектеу және жинау бойынша жарыстар өтті. Жарыс нәтижесінде барлық қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді: салауатты өмір салтын және әскери қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушыларын АШТӨ-нің жүйелі сабақтарына тарту; патриоттық сезімді тәрбиелеу. Біздің мектептен АӘД мұғалімі Боранбаев Е. К. тікелей басшылығымен 4 адамнан тұратын команда қатысты. - Боровик Родион, Хамидулла Әмірхан, Мухамедьянова Карина, Матвиенко Дарья. Жеке есепте қыздар арасында бірінші орынды № 2 ЖББМ 11 сынып оқушысы Матвиенко Дарья иеленді! Команданың барлық қатысушылары бағалы естелік сыйлықтарға ие болды.