Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» Ұлттық бағдарламаның тұжырымдамасы (7 сәуір)
Нысаналы топтар – ҚР халқы, оның ішінде:
- 3 жастан 6 жастағы балалар;
- 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар;
- 11 жастан 14 жастағы балалар мен жасөспірімдер;
- 15 жастан 17 жастағы жасөспірімдер;
- 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
- 30 жастан 64 жасқа дейінгі ересек тұрғындар;
- 64 жастан үлкен ересек тұрғындар.
Мақсаттары мен міндеттері
«Сау болу – сәнді!» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтын ұстану арқылы жеке бастың денсаулығын сақтау мен нығайту, адамдарға өзінің және отбасының денсаулық пайдасына таңдау жасау мен шешім қабылдауға көмектесу, денсаулық сақтау мәселесі жөнінде халықтың, қоғам пен медицина қызметкерлерінің ақпарат алуын көтеру, республиканың барлық тұрғындары үшін медициналық қызметтерге жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ететін әлеуметтік бағыттағы кешенді медициналық көмекті дамыту мәселелері (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС), Ұлттық скринингтік бағдарламаның қызмет етуі бойынша хабардар болуын арттыру болып табылады.
Негізгі мақсаты денсаулықты сақтау мен аурулардың алдын алу және мінез-құлықтық қауіп факторлары (дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру, дене белсенділігінің деңгейін арттыру; темекі шегуден және алкогольді тұтынудан бас тарту, медициналық-санитариялық қызметтермен толық қамтамасыз ету үшін МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) туралы халықтың хабардар болуын арттыру жөнінде ақпарат және нақты ұсыныстар беру болып табылады; нысаналы топтарды ескере отырып, кешенді ақпараттық-әдістемелік бағдарламаларды, халықтың әртүрлі қабаттарында, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарға насихаттауды, ағартуды, білім беруді әзірлеу мен енгізу.
Негізгі қағидалары
Бағдарлама келесі қағидаларға негізделеді:
Іске асыру тетігі
Жүзеге асырудың негізгі элементі облыстар мен республикалы қалалардың бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету (бұдан әрі – БМСК) ұйымдары, бейінді қызметтер, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, ҚДСК департаменттерінің өңірлік деңгейде аталған шараларды бірыңғай әдістемелік негізде тәжірибе жүзінде іске асыратын бірлескен қызметі болып табылады.
Деннің сау болуы – тұтас бір ғылым және оның бағыттарынынң бірі – денсаулық мәдениетін қалыптастыру: физикалық, әлеуметтік, әлеуметтік жетілу. Осыған байланысты адам өзің құру керек; дені сау және өмірде өз жолын табуы керек. Адамның өсуі мен дамуы денсаулық деңгейін диагностикалаумен, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін бейімділікпен, зиянды әдеттердің болмауымен сүйемелденуі тиіс. Денсаулық – кез-келген адам үшін басты құндылық.
Халықтың денсаулығы – жай ғана медициналық ұғым емес. Адам денсаулығының деңгейі денсаулық сақтау саласы мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің тек 8-10%-ын ғана құрайтыны белгілі болды. Қалғаны көптеген басқа факторлар арқылы қалыптасады: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, эндемиялық жағдай, қалыптасқан мінез-құлық әдеттері, тамақтану мәдениеті, тұқымқуалаушылық және адамдардың өзіне, өз денсаулықтарына қарым-қатынасы. Қазақстан Республикасында бұл мәселелердің ауқымдылығы бұрыннан белгілі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көптеген адамдар сау болу, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану – беделді, сәнді екенін мойындады. Жастардың көбі өмірлік басымдылықтардың бірі – өз денсаулықтарын сақтау деп есептейді, себебі салауатты өмір салты – пайдалы және сәнді, ал заманауи өмір салты – зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс бастапқылық пен имидж.
ДДҰ-ның құрылуына орай жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді және 2018 жылдан бастап осы күні денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға арналған ауқымды және ұзақ мерзімді науқан басталды. «Бәріне арналған денсаулық» аталған науқанның және ДДҰ қызметінің жетекші қағидасы болып табылады. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту дегеніміз не?
Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту мақсаты барлық адамдардың жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне мен табысына қарамастан оларға қажетті медициналық қызметтерді алуларын және олардың төлеміне байланысты қаржылық қиындықтарды бастан кешпеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Жас бойынша нысаналы топтарға бөлу арқылы ҮЕҰ-мен бірге 2019 жылға арналған профилактикалық шаралардың ерекшеліктері
Нысаналы топтар 3-6 жастағы балалар
А) «Денсаулық үшін дәрумендер» МДБМ ұйымдарында тәрбиешілердің қатысуымен әңгіме.
Мақсаты: балаларға құрамында дәрумендер бар өнімдерді ажыратуға үйрету; балаларға дәрумендер адам ағзасына қалай әсер ететінін, олардың адам денсаулығына пайдасы мен маңызы туралы түсіндіру; балалардың денсаулығы дұрыс тамақтануға байланысты екенін түсінуге көмектесу.
Материал: түсті қарындаштар, сурет салуға арналған қағаздар, конверт.
Сабақ барысы:
- Балалар бізге Білмегіштен хат келді, ол бізге не жазғанын тыңдаңыз. «Сәлеметсіз бе, балалар, Менің атым Білмегіш! Менде қайғы болды, Мен ауырып қалдым. Ауырмау үшін дұрыс тамақтану қажет дейді. Мен барлық дәмді тағамды жеуге тырыстым: тәтті бәліш, кәмпиттер, пепси кола іштім. Бірақ, өзімді одан сайын нашар сезінудемін. Балалар, маған сау болу үшін не қажет екенін түсінуге көмек беріңдерші?»
- Балалар, бәріміз бірге Білмегішке көмектесуге тырысайық! Біз дәрумендер адам денсаулығына әртүрлі әсер ететінін білеміз. Мысалы, А дәрумені көру үшін маңызды. В дәрумені жүректің жақсы жұмысына ықпал етеді, ал Д дәрумені біздің аяқтарымыз бен қолдарымызды мықты етеді. Дәрумендер қандай өнімдерде бар? (балалардың жауаптары).
А дәрумені – қызылша, қауын, сәбіз, қырыққабат, шабдалы, шпинат, асқабақ, балдыркөк.
В дәрумені – күріш, мейіз, балық, жұмыртқа, ірімшік, йогурт, жаңғақтар, банандар, нан, сүзбе, сиыр еті, қой еті.
С дәрумені – қарақат, итмұрын, апельсин, лимон, пияз, ақжелкен.
Д дәрумені – балық майы, бауыр, сары май.
- Сіз тек тәттілермен тамақтансаңыз, адаммен не болады деп ойлайсыз? (балалардың жауаптары)
- Балалар, біз сіздермен қандай өнімдер пайдалы екенін білеміз. Мен сау болу үшін не жеу керек екенін білу үшін Білмегіш үшін пайдалы өнімдердің суреттерін салуды ұсынамын!
Балалар пайдалы тағамдар суреттерін салады.
Қорытынды. Балалар қандай пайдалы өнімдерді білдіңіз? Енді, суреттерді конвертке салып, оған қол қойып және оны Білмегішке жіберейік!
Б) «Бала мен барлық отбасына арналған дұрыс, пайдалы тамақтану», «Дене белсенділігін насихаттау», «Өмірге арналған салауатты әдеттер» тақырыптарында МДБМ-да ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу.
Ата-аналарға арналған шараларға БМСК-дағы медицина мамандары, МДБМ қызметкерлері, СӨСҚ қызметінің мамандары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер тартылады.
Ақпараттық блок
Балаларды салауатты әдетке тәрбиелеу жөнінде ата-аналарға арналған кеңестер.
Сіздің балаңыздың денсаулығы маңызды құндылық болып табылады және біздің ортақ міндетіміз – оны сақтау және нығайту.
1. Баланы бір уақытта ұйықтауға және оянуға, тамақтануға, ойнауға, серуендеуге, еңбек етуге үйрету өте маңызды:
2. Балалардың толыққанды өсуі мен дамуы үшін тиімді толыққанды тамақтану қажет. Балаңыздың тамақтануын ұйымдастыруда қарапайым, бірақ маңызды ережелерді ұстануға тырысыңыз:
Ересектердің міндеті – баланың қозғалу белсенділігіне жағдай жасау. Бұл үшін ең жақсы орта – балалар алаңы, саябақ, өйткені олар қозғалыс белсенділігі үшін екі маңызды шарттарды – кеңістік және таза ауа біріктіреді.
4. Бала тәрбиеленетін жағдай, отбасындағы психологиялық ахуал баланың дене және психикалық денсаулығының жағдайына үлкен әсер етеді. Жайлы жағдайда баланың дамуы жылдам әрі үйлесімді. Ол қоршаған барлық позитивті «сіңіреді». Және бұл оны күшті, бақытты және өзіне сенімді адам етеді.
5. Балалар – шеберлер. Ересектер олардың шығармашылық белсенділігі үшін жағдай жасауы керек. Шығармашылықта бала өзін: ойларын, сезімдерін, эмоцияларын көрсете алады. Балаға әлемдегі әсемдікті көруге көмектесіңіз және оны жасау ниетін қолдаңыз. Ол үшін түрлі қызмет түрлері қолайлы: сурет салу; мүсіндеу (пластилиннен, саздан, қамырдан); классикалық және балалар музыкасы мен табиғат дыбыстарын тыңдау; музыка мен ән айту; бимен, әртістік қызметпен айналысу. Осының бәрі де эмоционалдық білдіруге мүмкіндік береді, баланы еңбекті сүюге, өзін мақтан етуге үйретеді.
Нысаналы топтар 7-10 жастағы балалар
А) Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар, балалар мен оқушылардың қатысуларымен «Дұрыс тамақтану!» ұранымен танымдық ойындар, суреттер/плакаттар көрмелерін өткізу.
Байқаудың мақсаты – отбасы үшін дұрыс тамақтану идеясын жасау, аурулардың алдын алу мақсатында денсаулықты нығайту үшін дұрыс тамақтану мәселесінде балалар мен ата-аналардың сауаттылығын арттыру.
Ереже: дүниетану, туған және шет тілдер, математика, еңбек пен т.б. сабақтарда ойын ойнату. Балаларға, ата-аналарға журналдар/газеттерден азық-түліктің түрлерінің суреттерін (мысалы, супермаркеттерден азық-түлік тізбесін) алып келулерін немесе суреттерін салуды сұрау. Оған желім, қайшы, үлкен бір қағаз немесе екі қағаз қажет. Қағазға «Иә» және «Жоқ, кейде» деген жазуы бар екі бағана жасау қажет.
«Дұрыс» нұсқасын таңдауға «Иә» бағанасына денсаулыққа пайдалы азық-түліктерді, ал «кейде» бағанасына тұтынуды шектеу қажет пайдасыз азық-түліктерді (құрамында қант, тұздар, майлары көп, тәтті сусындар, тәттілер, фаст-фудты) жабыстыру/ суретін салу. Балалардың таңдауын талқылаңыз. «Кейде» бағанасына қандай азықты/тағамды жатқызу керек және неге екенін келісу үшін азық-түлік топтарын зерделеңіз.
Аталған жұмыстарды көрме ретінде мектепке ілуге болады, бұл жұмыстар балалрмен бірге, балалар мен ересектер жеке немесе бірге орындауларына болады. Дұрыс ақпарат жазылған аса айқын, көрнекті жұмыстарды бағалап, жеңімпазды анықтауға болады. Жұмыстар мектепте ата-аналар көре алатын орындарда, сондай-ақ мектеп сайттарындағы тиісті бөлімдерде, «Күнделік» электрондық күнделігіне шығарылатын болады.
Аталған қызметтің нұсқалары: Ата-аналардың өздерінің оқушыларына бір күнде тұтынатын тамағының күнделігін жүргізуге көмектесуді сұраңыз. Дұрыс таңдаудың қасына жасыл жалау қоюды және азық-түлік пен тағамды дұрыс таңдамаса қызыл белгі қоюды сұрау.
Б) «Иә немесе жоқ» тақырыбында жалпы білім беру мекемелерінде дидактикалық ойын өткізу.
Мақсаты: балалардың тамақ өнімдері, олардың әр түрлілігі, құндылығы мен ағзаға әсері туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға тамақ тек дәмді ғана емес, пайдалы болуы керек екенін түсінуге, дәрумендердің пайдасы туралы білімді бекітуге көмектесу.
Ойын алдында педагог пайдалы және зиянды өнімдер туралы әңгімелейді. Одан әрі балалар командаға бөлінеді. Тапсырма – командалар педагогтың сұрақтарына «Иә» немесе «Жоқ» жауап береді. Әрбір дұрыс жауап үшін командаға жетон беріледі.
Сұрақтар:
1. Барлық өнімдер бірдей пайдалы? (Жоқ)
2. Адамның тамақтануы әртүрлі болуы керек? (Иә)
3. Өте тез тамақтану қажет пе? (Жоқ)
4. Д дәрумені адам ағзасында күн сәулесінің әсерінен ғана өндіріледі? (Иә)
5. Түні бойы аш болмау үшін кешкі асты ұйқыға жатар алдында жеу керек? (Жоқ)
6. Көктемде алма күздегі сияқты пайдалы? (Жоқ)
7. Қалыпты жұмыс істеу үшін адам күніне 2,5 литр су ішу қажет пе? (Иә)
8. Күніне бір рет тамақтану қажет? (Жоқ)
9. Күніне тұтас шоколад жеуге болады ма? (Жоқ)
10. Сүтте, етте және жұмыртқада дәрумендер бар ма? (Иә)
11. Пиязда бар ұшатын заттар фитонцидтер ауру бактерияларды өлтіреді ме? (Иә)
12. Көру үшін А витамині өте маңызды? (Иә)
13. Пісірілген немесе бұқтырылған сәбізде шикі сәбізге қарағанда А витамині көп пе? (Иә)
14. Витаминдердің жетіспеушілігінен адам өзін нашар сезінуі мүмкін бе? (Иә)
15. Торт, тәтті бәліш және тоқаш – ең пайдалы тағам? (Жоқ)
16. Көкөністер мен жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер көп? (Иә)
Әр жауаптан кейін команда себебін түсіндіреді. Мысалы, көктемде алма күзде сияқты пайдалы емес, өйткені олар қыста сақталады, оларда витаминдер жойылады. Түсіндіру дұрыс тамақтануға саналы ынталандыру үшін қажет.
В) «Сау болу – сәнді!» ұранымен спорттық шаралар, эстафеталар, жаппай дене шынықтыру минутын өткізу.
7-10 жастағы балалар белсенді өсу фазасында тұр, бұлшықеттің физикалық үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін белсенді қозғалыс қажеттілігін ескере отырып, шара өткізу. Мысалы «Сау болу – сәнді!» ұранымен флеш-моб өткізу. Музыкалық сүйемелдеу, үлкен ватман немесе плакат, маркерлер, бейнекамера, ашық ғимарат немесе алаң қажет. Егер қатысушылардың саны 20-30-ға жуық болса, шеңбер құрып тұрып, бәрімен сәлемдесіп, әрқайсысы өз аттарын айтуға болады. Әуенмен 5 минут сергіту жаттығуы (жүгіру, орнында тұрып секіру, 10 отырып-тұру және т.б.) жасалады.
Қатысушылардан сұрау: «Біздің флеш-мобымыздың «Сау болу – сәнді!» тақырыбын естігенде, сіндің ойыңызға қандай сөз келеді? Қатысушылар дауыстап сөзді айтады, ұйымдастырушылар сөздер тобын құрап, оларды плакатқа жазады. Ұйымдастырушылар аталған топтардағы сөздерді қолдана отырып, «Мен «Баста!» деп айтқанда, _____ сөзіне (сөздердің ішінен бір сөзді атайды) сіз үшін аталған сөздің мағынасын білдіретін қалыпқа келіңіз немесе қозғалысты табыңыз».Ұйымдастырушылар әуелі өзі үшін сөздің мағынасын білдіретін мысал көрсетеді, мысалы «спорт» сөзі, содан соң қалыпқа келіп немесе тиісті қозғалыс жасайды. Одан кейін сөздерді бір-бірден атай отырып, топпен жұмыс жасайды.
Бұдан кейін балаларға 2-4 адамнан тұратын шағын топ құруды және тізімнен 2 сөзден таңдауды, өзінің қозғалысын көрсетіп, оны басқаларға үйретуді сұраңыз.
Бұдан әрі, төрт қалып пен қозғалысты, олардың кезектілігін таңдап, оларды әуенмен 30 секунд бойы кезек-кезек бірге орындауға болады.
Шара аяғында бір-біріңізге алғыстарыңызды білдіріңіздер. Суретке түсіріп, бейне-сурет салып, әлеуметтік желілерде #сауболусәнді хештегімен жаңалық, ақпарат жазу.
Нысаналы топтар 11-14 жастағы балалар
А) Денсаулық, әл-ауқат пен аурулардың алдын алу үшін дене белсенділігінің маңызы жөнінде жасөспірімдерге арналған сынып және кураторлық сағаттар, сабақтар, тренингтер ұйымдастыру.
Белсенді болу мен жан үшін дене белсенділігін таңдау өмір бойы бізбен бірге болатын дағдылар. Осы сабақта оқушылар белсенді болу үшін көптеген қызықты тәсілдердің бар екенін, спорттың командалық түрінің жалғыз ойын нұсқасы емес екенін білетін болады. Олар өздерінің жастары үшін дене белсенділігі жөнінде нұсқаулықтарды түсінеді, өздерінің белсенділігінің деңгейін талдап, олардың дене белсенділігінің уақытын арттыруға қатысады.
Сабақ соңында оқушылар дене белсенділігінің маңызын жақсы түсініп, қозғалыс қызметіне арналған қызықты тәсілдерді анақтайды.
Сабақтың 1-бөлімі - Тексеру
1. Менің дене белсенділігімнің деңгейі қандай?
Алдымен оқушылар келесі 3 күн ішінде дене белсенділігіне қанша минут бөлгендігін жазу үшін өз дәптерлерін қолданады. Кемінде 1 күн демалыс күні болуы қажет. Оқушылар күні бойы белсенді өткізген минуттарының санын бағалаулары қажет, мысалы, баспалдақпен көтерілу, серуендеу, жүгіру, билеу, скейтбординг, баскетбол, велосипед және т.б. Тіпті 5-10 минуттық қысқа белсенді уақыт та ескеріледі.
Мысалы: дүйсенбі: итпен серуендеу (10 минут), футбол ойнады (45 минут), отырып-тұру жаттығуы (5 минут), әуенге би билеу (5 минут).
2. Не үшін дененің белсенді болуы маңызды?
Оқушыларға дене жаттығулары мен басқа да қызметтердің пайдасы туралы ақпараттарды ертерек меңгерулерін және бірқатар сұрақтарды, мысалы: «Не үшін дененің белсенді болуы маңызды?», «Дене белсенділігі біздің жақсы көретін әрекетемізді жасауға және оны жақсы жасауға қалай көмектеседі?» сұрақтарды талқылауын сұраңыз. Ақыл мен дененің саулығы үшін көптеген артықшылықтарды талқылаңыз. Мысалы, дене белсенділігі сені күштірек етеді; сенде күштің көп екенін сезінуге мүмкіндік береді; және жүрек, сүйек, бұлшықет пен буындардың саулығын сақтауға көмектеседі. Белсенді бола отырып, өзіңе көңіл аударғанды және оқуыңды жақсартасың, сондай-ақ күйзелісті азайтып, өзіңді еркін ұстауға үйретесің. Оқушылар өздерін жақсы сезінуге көмектескен дене қызметінің мысалдарымен бөліссін. Оларға қалай жақсы болды?
Дене белсенділігі тіпті дұрыс салмақты сақтау үшін де маңызды. Семіздіктің салдарының жүрек, 2-ші типті қант диабеті мен обырдың түрлеріне шалдығу қаупі секілді денсаулық үшін кейбір қиындықтарға әкелетінін талқылаңыз. Дене белсенділігі спортпен айналысу ғана емес! Оған жаяу жүру, мектепке дейін және қайтқанда велосипед тебу, қозғалысты ойындар, аулада футбол ойнау, скейтборд, секіртпеден секіру, доппен ойнау және т.б.
3. Тапсырма. Жоспар құру – Дене белсенділігі журналы
Қанша уақыт жатпағаныңызды немесе отырмағаныңызды есептеңіз. Қалыпты немесе күшті/жоғары қарқындылық? Қалыпты белсенділікте сөйлеу аласыз, бірақ өлең айта алмайсыз. Мысалы: жазық жерде велосипед, скейтбординг тебу, билеу, мектепке жаяу бару. Күшті белсенділік кезінде демалып алу үшін тоқтамай бірнеше сөз ғана айта аласыз. Мысалы: жүгіру, тауға (жоғары қарай) велосипед тебу, баскетбол ойнау, жүзу, карате, хоккей, секіртпеден секіру.
Төмен белсенділік – жеңіл тартылу, киім реттеу, ыдыс-аяқ жуу, мектепке дайындалу.
Оқушылар әр түрлі қарқындылықты ескере отырып, қанша минут физикалық белсенді болды? Олар балалар мен жасөспірімдер күніне 60 минут немесе көп дене белсенділігін тәжірибелеу керек деген ұсыныстарға қаншалықты келді, олардың көпшілігі орташа және жоғары қарқынды болып табылады? Бір сыныптың минуттарын қосу және басқа сыныптың минуттарымен салыстыру, кім көп уақыт физикалық белсенді екенін анықтау.
4. Фитнесті «арттыру» үшін ми шабуылы. Оқушыларды төрт топқа бөлу - мектепке дейін, оқу кезінде, мектептен кейін және демалыс күндері. Топтарды қалыпты және қарқынды қызмет түрлеріне бағытталған санаттарға үлкен физикалық белсенділікті қосу тәсілдері бойынша ми шабуылдарын жүргізуге шақырыңыз. Мысалы, «оқу кезінде» тобы мектептің спорт алаңында немесе түскі ас кезінде алаңға жүгіру жолымен жүруді ұсына алады.
Оқушыларға құралдар мен жабдықтарды пайдалануда шығармашылықтың болуын еске салыңыз. Мысалы, оқушылар кедергілер курсын немесе сүйікті әнге хореографияны әзірлей алады. Топтарды блогтарда «көп қозғалу» үшін мектепті шабыттандыратын плакаттар немесе жазбалар жасау сұраңыз.
Оқушылардан дене белсенділігінің жеке мақсаты туралы ойлауын сұраңыз. Оларды өз мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін кез келген идеялар немесе жаңа қызмет түрлерін жазуын сұраңыз.
Өзінің немесе өз сыныбының физикалық белсенділігі туралы ақпаратты мектептің жеке беттеріне, ғаламтор беттерінде, «Күнделік», әлеуметтік-желілерге #қозғалысбұлөмір хештегімен хабарламалар мен посттар орналастыру.
Б) «Дұрыс тамақтануды насихаттау (құрамында тұз, қант, трансмайлар көп азық-түліктерді тұтынуды шектеу)», «Дене белсенділігін насихаттау», «Темекі шегудің алдын алу», «Ішімдікті тұтынудың алдын алу», «Күнделікті дене белсенділігі сағаты» тақырыптарына диктанттар, мазмұндамалар, рефераттар, шығармалар жазу.
Жазбаша жұмыстар мазмұны бойынша салауатты өмір салты қағидаларын, жастардың денсаулығы үшін ұсынылатын параметрлерді, сипаттамаларды, пайдасын, дұрыс ас үлесін, дене белсенділігін, шылымды, ішімдікті тұтынуға қосылмауға ұмтылу және т.б. көрсетуі қажет. Жазба жұмысын жүргізудің басты мақсаты – ақпараттық-оқыту, талдамалық қызметтер.
Нысаналы топтар 15-17 жастағы балалар
А) «Дұрыс тамақтануды насихаттау (құрамында тұз, қант, трансмайлар көп азық-түліктерді тұтынуды шектеу)», «Дене белсенділігін насихаттау», «Темекі шегудің алдын алу», «Ішімдікті тұтынудың алдын алу», «Күнделікті дене белсенділігі сағаты» тақырыптарына диктанттар, мазмұндамалар, рефераттар, шығармалар жазу;
«Тұздың аздығы — өмірге жақсы» тақырыбына мазмұндама жазу.
Ас тұзы – танымал тағам қоспасы, оның негізгі құрамы натрий хлориді болып табылады. Адамдардың көбі тұз түрінде натрийді өте көп тұтынады. Әсіресе балалар тұздың дәміне тез үйренеді, ол тұзы көп тағамдарға қажеттіліктің артуына алып келуі және өмір бойы сақталып қалатын әдетке шалдықтыруы мүмкін. Жасөспірімдер фаст-фуд пен басқа да тұзды тағамдарды жақсы көреді.
Зерттеулер кез келген жаста тұзды тұтыну деңгейінің жоғары болуы артериялық қан қысымының артуына алып келуі мүмкін екенін көрсетеді. Егер жоғары артериялық қан қысымы балалық шақта пайда болса, ол болашақта гипертония мен жүрек ауруының қаупін арттыра отырып, есейгенде де белгі беруін жалғастыра беретін болады.
Адамдар күніне қаншалықты мөлшерде тұзды тұтынып жатқандықтарын жиі байқай бермейді. Көптеген елдерде тұздың көп бөлігі өңделген азық-түліктерден, мысалы, дайын тағамдар, шұжықтар, ветчина мен салями, ірімшік пен тұзды тіскебасар тағамдар, жиі колданылатын тағамдар, мысалы нан арқылы ағзаға түседі. Сонымен қатар, тұзды тағамды даярлау кезінде, мысалы сорпа, сорпа текшелері немесе үстелге ас тұзы, соя тұздығы ретінде тағамға қосады.
Балалар мен жасөспірімдер үшін тұтынатын тұздың мөлшері күніне 5 грамнан, шамамен күніне шай қасық тұздан аспауы қажет.
Тұзды тұтынуды қалай шектеуге болады? Ас дайындау дайындау кезінде тұзды, соя тұздығын қоспауға, үстелге тұзды қоймауға, тұзды тіскебасар тағамдарды шектеуге, құрамында натрийі аз азық-түлікті таңдау керек.
Дайын азық-түліктердегі тұздың мөлшерін қалай анықтауға болады? Затбелгіде азық-түліктегі тұздың мөлшерін немесе аталған азық-түліктің 100 грамына сәйкес тұз мөлшері жиі көрсетіледі. Дегенмен азық-түліктегі тұздың мөлшері барлық затбелгіде көрсетілмейді. Кейбіреулерінде натрийдің мөлшері көрсетілген. Мұндай жағдайда натрий мөлшерін 2,5-ке көбейту арқылы тұздың мөлшерін анықтауға болады.
Сорпа текшелері, қытырлақ нандар, тұздықтар, қытырлақ картоптар, дайын сорпалар, қақталған шұжықтар, консервілер мен басқа да азық-түліктерде тұздың мөлшері көп.
Б) «Сау болу - сәнді!» тақырыбында шығармашылық байқау өткізу.
Команданың дене белсенділігін көрсететін тақырыптық ролик түсіретін команда құрылады, мысалы би минуты, жаппай жаттығу жасау, жаяу жарыс, велосипед тебу және т.б., сурет-флеш-мобқа қатысып, өзінің жобасын әзірлеп, «Сау болу - сәнді!» байқауын өткізіледі. Іс-шараның соңында байқау қорытындысы шығарылып, ролик көрсетіледі, шараны төрешілер бағалап, жеңімпаздар анықталып, сертификат, диплом табысталады.
Өзінің немесе өз сыныбының физикалық белсенділігі туралы ақпаратты мектептің жеке беттеріне, ғаламтор беттерінде, «Күнделік», әлеуметтік-желілерге #өмірқозғалыс немесе #сауболусәнді хэштегімен хабарламалар мен посттар орналастыру.
В) «Пайдалы тамақтану туралы деректер» сынып және кураторлық сағаттар өткізу
Шараның мақсаты: үйлесімді тамақтану, дүкендерде тиімді азық-түліктерді таңдау, пайдалы тіскебасарлар мен мәзірлерді таңдау жөнінде тұрақты білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Көмекші құралдар: буклеттер, үлгілер мен нақпішіндер; бейнероликтер, топтық жауапқа арналған сауалнамалар, «тиімді» және «тиімді емес» азық-түліктердің және тағамдардың суреттері.
Топтарда жұмыстар жүргізу, дұрыс тамақтану жәрмеңкесін ұйымдастыру, пайдалы тағамдардың рецептері мен пайдалы тіскебасар нұсқалары кітабын жазу, тәтті сусындардағы қанттың мөлшері туралы ақпарат беру.
Дұрыс үйлесімді тамақтануға қатысты ұсыныстар:
Нысаналы топтар 18-29 жастағы жастар
А) «Өмір қозғалыс!» ұранымен дене шынықтыру-сауықтыру акцияларын, эстафеталар, велосипед жарыстарын, флеш-мобтар, жаяу жүгірістер ұйымдастыру.
Таза ауада жаппай жаттығу жасауды ұйымдастыру мен өткізу сценарийі: халықты ертерек ақпараттандыру, жастар ұйымдарын, еріктілер қозғалысын тарту. Қарапайым түсінікті жаттығулар кешені мен тиісті әуенді әзірлеу. Сурет пен бейнетүсірілімді ұйымдастыру және баспасөзді тарту. Суреттер әлеуметтік желілерге және сайттарға орналастырылады.
Өзінің немесе өз ұжымының физикалық белсенділігі туралы ақпаратты мектептің жеке беттеріне, ғаламтор беттерінде, «Күнделік», әлеуметтік-желілерге #өмірқозғалыс немесе #сауболусәнді хэштегімен хабарламалар мен посттар орналастыру.
Б) Дұрыс тамақтану бойынша үйлесімді тамақтану жөнінде симуляциялық үлгілер мен нақпішіндер, постерлер мен инфографикалар қолдану арқылы «Дұрыс тамақтану – өмірдің негізі» интерактивті тренингін ұйымдастыру.
Мақсаты: үйлесімді және әртүрлі тамақтану негіздерімен, оның қағидаларымен таныстыру, тамақтану пирамидасына сәйкес ас үлесін жасауға дағдылану, балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында үйлесімді тамақтануды насихаттау, өз денсаулығыңа құнды көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету.
Тренинг барысы:
В) Колледждерде, университетатерде, жастар ұйымдарында дұрыс тамақтануға арналған азық-түліктер мен сусындардың, денсаулыққа пайдалы тағамдар көрмелерін/байқауларын, сурет пен бейнетүсірілімді ұйымдастыру және баспасөзді тарту арқылы пайдалы тіскебасар даярлау жөнінде шеберлік класын өткізу. Суреттерді әлеуметтік желілер мен сайттарға, жеке парақшаларға #өмірбұлқозғалыс, #дұрыстамақтан, #сауболусәнді хештегтерімен жариялау.
Г) Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» іс-шаралардың орындалу сапасын мониторингілеу мақсатында 2-қосымшаға сәйкес, халыққа сауалнама жүргізу.
Нысаналы топтар 30-64 жастағы ересектер
А) «Дұрыс тамақтануды насихаттау (құрамында тұз, қант, трансмайлар көп азық-түліктерді тұтынуды шектеу)», «Дене белсенділігі», «Халықты профилактикалық медициналық тексеру», «Темекі шегуден бас тарту», «Ішімдікті тұтынуды шектеу» тақырыптарына дөңгелек үстелдер өткізу.
Аталған іс-шаралар шеңберінде хабарлау керек: республикада ТМККК, МӘМС, Ұлттық скринингтік бағдарламалар тегін қызметтерін көрсету шеңберінде («Денсаулық бәрі үшін») барлық халық үшін денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша жағдай жасау; созылмалы аурулардың басты қауіпті факторлардан (дұрыс тамақтанбау, төмен дене белсенділігі, шылымқорлық, ішімдікті тұтынудың) бас тарту және алдын алу, барлық өмір кезеңінде жұқпалы емес ауруларымен аурушаңдылықты азайтуға және өмірдің ұзақтығы мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Дөңгелек үстелдерді ұйымдастырудың басты сәттері: шараға қатысушыларды (ұйымдасқан ұжымдар, халық, денсаулық сақтау басқармаларының жетекші мамандары, әкімшіліктер, кәсіпорындардың басшылары, діни өкілдер, баспасөз өкілдері, медицина мамандары, бейінді мамандар – ЖПД, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, СӨС қалыптастыру қызметінің мамандарын) анықтау, іс-шара бағдарламасын жасау, іс-шара өткізілетін уақыт пен орынды келісу, іс-шара аяқталысымен суреттер ұйымның ресми әлеуметтік желісі мен сайтына орналастырылады.
Б) Халық арасында дене белсенділігі мен спортты насихаттау әдісі ретінде спорттық іс-шаралар өткізу, халықты дене белсенділігіне жұмылдыру, өз денсаулықтарына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, жұқпалы емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ, халық арасында белсенді өмір салтын насихаттау.
Міндеттері:
1. ДДҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып, дене белсенділігін арттыру арқылы халық денсаулығын нығайту.
2. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау, командалық ойын (волейбол, баскетбол және т.б.), спорттық, би жаттығулары түрлерін дамыту, қоғамдық спорттық алаңдарға жиі бару, скандинавиялық жүріс, жаяу жүрістің пайдасы үшін қоғамдық көлікті қолданудан бас тарту арқылы халықтың белсенді өмір салтын насихаттау.
Күнделікті өмірде дене белсенділігі деңгейін көтеруге арналған кеңестер: жаяу көбірек жүріңіз, жеделсатыдан бас тартыңыз, үйде күш жұмсайтын жұмыстарды, бақшада істеңіз, таза ауада қолжетімді спорттық алаңда жаттығыңыз. Ересек адамдарға күнделікті белсенділіктен басқа аптасына 5 немесе одан да көп күн күніне 30 минуттан орташа немесе жоғары қарқында дене жаттығуларын жасау қажет.
Өзінің немесе өз ұжымының физикалық белсенділігі туралы ақпаратты мектептің жеке беттеріне, ғаламтор беттерінде, «Күнделік», әлеуметтік-желілерге #өмірқозғалыс немесе #сауболусәнді хэштегімен хабарламалар мен посттар орналастыру.
В) Ұжымдарға арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер, базар аумағында көшпелі акциялар өткізу: дәрігерлердің кеңес беруі, АҚҚ, салмақты, бойды өлшеу, дене салмағы индексін есептеу, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс істемейтіндерге Міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС), МӘМС-ке қатысушылар үшін қызмет түрлері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар жөнінде ұсыныстар және нұсқаулық-білім беру жұмысын көрсету. ТМККБК шеңберінде аурулар мен олардың қауіпті факторларын ерте анықтауға скринингтік тексеріп-қарау көзделгені, профиалткаилық медициналық тексерулердің (денсаулық сақтау қызметтерімен жалпылай қамтудың) маңызы туралы түсіндіру, шылым шегу, ішімдікті шамадан тыс тұтыну, дұрыс тамақтанбау мен жеткіліксіз дене белсенділігі секілді төрт қауіпті факторға баса назар аудара отырып, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары жөнінде білім беру жұмыстарын жүргізу қажет. Семинарлар, дөңгелек үстелдер мен көшпелі акциялардың қатысушылары – еңбек ұжымдары, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жеке кәсіпкерлер, педагогтар, медицина мамандары, психологтар және т.б.
Семинарларды ұйымдастырудың негізгі сәттері: шараға қатысушыларды (медицина мамандары, бейінді онколог мамандар, ЖТД, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, СӨС қалыптастыру қызметі мамандарын) анықтау, шара бағдарламасын құру, шара өткізілетін уақыт пен орынды келісу, шара аяқталысымен суреттер әлеуметтік желілер мен ұйымдардың сайттарына орналастырылады.
Г) Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» іс-шаралардың орындалу сапасын мониторингілеу мақсатында 2-қосымшаға сәйкес, халыққа сауалнама жүргізу.
Нысаналы топтар 64 жастан үлкен ересектер
А) «Скринингтен уақытында өт», «Шылымқорлықтың алдын алу мен темекіден бас тарту тәсілдері», «Ішімдікті тұтынудың алдын алу», «Дұрыс тамақтануды насихаттау (тұзы, қанты, трансмайлары көп азық-түліктерді тұтынуды шектеу)», «Дене белсенділігін насихаттау» тақырыптарына Денсаулық мектептерінде, МСАК-та, аулаларда, аулалық клубтарда, ардагерлер ортасында, супермаркеттерде медицина мамандарының, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, ЕДШ нұсқаушыларының, спорт тренерлерінің қатысуларымен сұрақ-жауаптар кештерін, әңгімелесулер, кеңес берулер, пікірталастар, кездесулер өткізу.
Пікірталастар, сұрақ-жауап кештерін ұйымдастырудың негізгі сәттері: іс-шараға қатысушыларды (медицина мамандары, бейінді онколог мамандар, ЖТД, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, СӨС қалыптастыру қызметі мамандарын) анықтау, шара бағдарламасын құру, іс-шара өткізілетін уақыт пен орынды келісу, іс-шара аяқталысымен суреттер әлеуметтік желілер мен ұйымдардың сайттарына орналастырылады.
Іс-шараның ақпараттық бөлімі – дұрыс тамақтану мен дене белсенділігіне назар аудара отырып, «Кез келген жаста сау болу» тақырыбын ашу (плакаттар, кітапшалар, үнпарақтар, аудио-бейне өнімдер мен көмекші материалдар).
б) Бейінді денсаулық мектептерінде қабылдау кезінде қарттарға арналған ақпараттық білім беру шараларын, халық жаппай жиналатын жерлерде, халықтың тұратын аудандарында егде жастағы адамдардың дене белсенділігінің маңыздылығы тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер өткізу. Спортсмендерді, тренерлерді, нұсқаушыларды, медицина қызметкерлерін тарту және қарт адамдардың жасын ескере отырып әзірлеген жаттығулар кешенін көрсету және жасау.
Дене белсенділігі 64 және одан жоғары жастағы денсаулық үшін артықшылығы көп. Үнемі белсенді болу:
Ұзақ уақыт қимылдаңыз және аз отырыңыз. Күнделікті үй жұмысы мен көлікті жуу секілді қызметтер кересет, себебі ол жалпы дене белсенділігіне өз үлесін қосуға және отыру уақытын шектеуге көмектеседі. Тіпті бір уақыт қана белсенді болудың сіздің денсаулығыңыз үшін жағымды артықшылығы бар.
30 минут бойы жиілететін дене белсенділігін орындаудың мақсаты сіздің жиі тыныс алуыңызды және аптасына бес күн сіздің тамырыңыздың соғысын (аэробтық белсенділікті) арттырады.
Орташа қарқында қалыпты дене белсенділігі тыныс алу мен жүрек соғысын жиілетеді. Сіз қалыпты қарқындылықта қимылдау кезінде сөйлесе аласыз.
Жоғары қарқында дене белсенділігі тыныс алу мен жүректің соғысын айтарлықтай жиілетеді. Сіз мұндай қарқынды дене белсенділігі кезінде сөйлесе алмайсыз.
Қарт адамдарға пайдалы аэробтық шаралар
Орташа қарқындылықтағы аэробтық қызмет: велоспорт, тез жүру, билеу, баспалдақпен көтерілу, немерелермен серуендеу, су аэробикасы.
Жоғары қарқындылықтағы аэробтық қызмет: тауға шығу, бақша отырғызу, жүгіру, (с/16 км аса) велоспорт, тез билеу.
Дене белсенділігін бастаудың немесе арттырудың алдында дәрігермен сөйлесіңіз. Жарақат алу қауіпн азайту үшін белсенді емес немесе аз қимылдайтын, не болмаса денсаулығында бір немесе бірнеше қиындықтары бар қарт адамдар белсенділікті бастау немесе деңгейін арттыру алдында тиісті дәрігерден кеңес алуы қажет.
Белсенділікті ақырын бастап, күнделікті ұсынылған белсенділік деңгейіңне дейін арттырыңыз.
Аптасына икемділік пен тепе-теңдікті сақтауға үш жаттығу және ауруға қарсы тұруға екі жаттығу жасауға тырысыңыз.
Ауруға қарсы тұруға арналған қызметтер түрі: сатып алған нәрсені үйге дейін көтеріп келу, ауыр көтеру, велосипед тебу, тау туризмі, тай-чи гимнастикасы, баспалдақпен шығу, жүзу, су аэробикасы, күш жаттығулары, бұлшықетті қатайтуға арналған жаттығулар.
Созылу: созылауға, буындарға арналған жаттығулар, бақ өсіру, үй жұмыстары, пилатес, көлік жуу, йога, бұлшықетті қатайтуға арналған жаттығулар.
Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар: әлеуметтік би, бір аяққа тұру, кеуде бұлшықетін қатайтуға арналған жаттығулар, велосипед, пилатес, йога.
Қауіпсіздікте болыңыз:
Б) Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» іс-шаралардың орындалу сапасын мониторингілеу мақсатында 2-қосымшаға сәйкес, халыққа сауалнама жүргізу.
Медиа-шаралар:
Мақсаты: халық арасында денсаулықты нығайту мен сақтау шаралары, өмірдің барлық кезеңдерінде мінез-құлықтық қауіпті факторлары мен әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу, халықты скринингтік тексеру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде білім мен дағдыларды арттыру.
Шараларды өткізу нысаны:
Қосымша 2
«Сау болу – сәнді!», Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған
1. Сіздің жынысыңыз
а) ер
б) әйел
Сіздің жасыңыз_________________(толық жыл санын көрсетіңіз)
2. Өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз?
а) жақсы
б) қанағаттанарлық
в) жаман
г) жауап беруге қиналамын
3. Төменде келтірілген құндылықтардың қайсысы сіз үшін ең маңызды?
б) материалдық әл-ауқат
в) сапалы білім
г) жақсы денсаулық
д) тартымды көрініс
ж) сүйікті жұмыс
з) қызықты адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі
и) қолайлы отбасы
й) еркіндік және тәуелсіздік.
4.Сіз денсаулықты сақтау үшін қандай жағдайларды ең маңызды деп санайсыз?
а) жақсы тұқым қуалаушылық
б) жақсы экологиялық жағдайлар
в) салауатты өмір салты ережелерін орындау
г) жақсы дәрігерде кеңес беру және емдеу мүмкіндігі
д) өз денсаулығына қалай қамқорлық жасау туралы білім
ж) физикалық және ақыл-ой жүктемесінің болмауы
з) спортпен тұрақты айналысу
и) жақсы тамақтану, спортпен айналысу және т. б. үшін жеткілікті материалдық құралдар.
5.Сіз, денсаулықты қалай қорғау туралы, ақпаратқа қалай қарайсыз?
а) бұл әрдайым қызықты және пайдалы ақпарат
б) кейде бұл өте қызықты және пайдалы ақпарат
в) өте қызықты және пайдалы ақпарат емес
г) бұл ақпарат мені қызықтырмайды
6. Сіз денсаулығыңызға келесілер зиянды деп санайсыз ба?
а) дұрыс тамақтанбау (майлы мен тәттілер өте көп және көкөністер мен жемістер өте аз тұтыну)\көп тамақтану
б) ішімдік ішу
в) есірткі қолдану
г) пассивті өмір салты
д) темекі шегу
ж) толық тамақтанбау
7. Сіз ішімдіктің немен зиян екенін білесіз бе?
а) иә, әрине _______________________________
б) жоқ ___________________________________
8. Темекі шегудің салдарын білесіз бе?
а) иә, әрине _______________________________
б) жоқ ____________________________________
в) кейде, көңіл-күй немесе «компания үшін»
9. Сіз денсаулығыңызды жеткілікті түрде күтесіз бе?
а) өте жеткілікті,
б) жеткілікті емес,
в) жеткіліксіз.
10. Сіз денсаулыққа қалай күтім жасау керектігін қайдан білесіз?
а) ата-анадан
б) достардан
в) мектепте
г) журналдардан, кітаптардан
д) ТВ хабарларынан
ж) интернет арқылы
Сауалнама сұрақтарына жауаптарыңызға рахмет!