Текст
Қазақтың ұлы ақыны,ағартушы,аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына орай Егіндікөл №2 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері 5,9,10,11-сынып оқушылары аралығында «Абай-дан,Абай-дара қазақта»атты дөңгелек үстелін өткіздік.Дөңгелек үстелдің мақсаты:Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы,өскен ортасымен таныстыру.Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.