Текст
14 қараша күні мектепалды даярлық сыныптарының ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: балалардың зияткерлік, мәдени, салауатты дамуы барысында отбасы мен мектептің күшін біріктіру.
Міндеттер:
1. Бала мен ата-ана, мектеп арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеру.
2. Ата-аналарды мектепте және сыныпта оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы хабардар ету.
3. Отбасындағы балаларды тәрбиелеудегі негізгі мәселелерді өзектендіру.
4. Ата-аналарды өздерінің отбасылық ұстанымдарын талдауға, балаларды тәрбиелеудегі қателіктерді анықтауға үйрету