Текст
    
                                
            
                31.10.2022
        Күзгі демалыс оқу жылында бірінші болып табылады және жазғы демалыстан кейінгі балалар әлі де күш пен қуатқа толы болса да, осы аптадағы демалысты асыға күтті. Күзгі демалыс кезеңінде іс-шаралар жоспары жасалды. Танымдық және шығармашылық белсенділікті дамыту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту үшін әр жас тобына арналған түрлі іс-шаралар жоспарланып, демалыстың барлық жұмыс күндеріне біркелкі бөлінді. Демалыстың бірінші күні 1-4 сынып оқушылары "Ойындар, ребустар, шарадтар" викторинасына қатысты.