Текст
21 Қаңтарда 5 сынып оқушылары арасында орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде "Полиглот"атты кіріктірілген іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын ояту. Оқушылар үш топқа бөлінді: "Знатоки", "Болашақ", "Double L". Іс-шара 6 кезеңнен тұрды. Әр турда логикалық ойлауды, сонымен қатар пәндер бойынша білімдерді дамытуға қызықты тапсырмалар болды. Бірінші конкурста оқушылар өздерінің визит карточкаларын ұсынды, содан кейін келесі сайыстарға қатысып, тіл білімдерін көрсетті және соңында команда капитандары сөз сөйледі. Тартысты күрес барысында орындар келесідей: 3 орын "Болашақ", 2 орын "білімпаздар", 1 орын "Double L".