Текст
2020 жылғы 25-27 ақпан аралығында Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында 10-11 сынып оқушыларына арналған "Өзін-өзі тану" олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: бағдар құндылығын қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі танытуға ұмтылуды ынталандыру, жеке тұлғалық қасиеттерін, азаматтық позициясын, жоғары адамгершілік қасиеттерін, қоғамға адал қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділікті көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу.