Текст
25 ақпан мен 5 наурыз аралығында "ТЕНГРИ – ЛИНГВИСТ"IV жалпы Қазақстандық көп салалы командалық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға екі команда қатысты. 5-6 сынып оқушылары : Эйхвальд Екатерина, Исабек Әлім, Поддубоцкий Данил, Матвиенко Альбина, Минин Максим және Харченко Ольга. 9-10 сынып оқушылары : Матвиенко Дарья, Абашева Эльвира, Эрман Максим, Царегородцев Дмитрий, Косинов Виктор және Асанов Жаслан. Екі тур нәтижесі бойынша 5-6 сынып командасы 2 орынға ие болды , ал 9-10 сынып командасы 3 орынға ие болды . Балаларды құттықтаймыз және оларға алдағы жеңістер тілейміз!