Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық бейне
интернет-жобасының конкурсы туралы
ЕРЕЖЕ
YouTube видеохостингінің базасында
Осы Ереже конкурстың мақсатын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және оның жеңімпаздарын марапаттауды анықтайды.
1.2. Интернет-жобаның мақсатары
Интернет-жоба:
- отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату;
-жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
- қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында өткізіледі.
1.3. Интернет-жобаның негізгі міндеттері:
- салауатты, бақытты және тату отбасы мәртебесін нығайту, отбасылық дәстүрлерді сақтау және көбейту;
- студенттердің рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін арттыру;
- студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.
1.4. Интернет-жобаныұйымдастырушылар:
Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.
Конкурстың қоса-ұйымдастырушылары: үкіметтік емес ұйымдар.
2. Интернет-жобаны өткізу шарттары
2.1. Интернет-жобаның қатысушылары
Интернет-жобаның қатысушылары: кәмілетке толмаған балалары бар отбасылар
2.2. Интернет-жобаны өткізу мерзімдері:
Қатысуға өтінімдер қабылдау-2020 жылдың 25 сәуіріне дейін
Бастау – 2020 жылғы 29 сәуір
1 кезең – 2020 жылғы 1-10 мамыр
2 кезең – 2020 жылғы 15-25 мамыр
3 кезең финалдық-2020 жылғы 1 маусым
2.3. Интернет-жобаның номинациялары
7 номинация:
1-номинация «Менің отбасым – еріктілердің тату отбасы»
2-номинация «Меніңотбасым шығармашылық және өнер әлемінде»
3-номинация «Менің отбасым – көп тілді отбасы»
4-номинация «Менің отбасымда-спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті»
5-номинация «Біздің отбасымызда барлығы шебер»
6-номинация«Менің отбасым кітаптар әлемінде»
7-номинация«Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және реликвиялары»
3.1. Өтінім
Өтінім«Бақыт отбасынан басталады» тақырыбында 3 минут ұзақтығы 3 минут болатын бейнеролик-презентацияны ұсынады.
Бағалау критерийлері: мазмұндылығы, креативтілігі, отбасылық құндылықтарды көрсету.
Өтінімдердің жалпы санының 70% YouTube видеохостингінің базасында «Бақыт отбасынан басталады»арнасында орналастырылады.
1 отбасы1-3 номинация бойынша қатыса алады.
Бейнеролик-презентацияда:
Отбасының барлық мүшелері ұсынылады;
- отбасы қатысатын номинациялардың атаулары көрсетіледі;
- шығармашылық бейне-сыйлық (музыкалық, поэтикалықжәне т. б.)
3.2 Интернет жобаның басталуы және YouTube арнасының ашылуы
Жобаның басталуын ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіYouTube арнасында 2020 жылғы 29 мамырда жариялайды.
YouTube арнасында жобаның ішінде қазылар алқасы мүшелерінің, блогерлердің, Қазақстанның танымал адамдарының бейне пікірлері орналастырылады.
3.3 Бірінші кезең
Бірінші кезең 2020 жылдың 1-10 мамыры аралығында өткізіледі.
Интернет жобаға қатысушы отбасы таңдалған номинацияның тақырыбы бойынша ұзақтығы 3 минуттікбейне роликті орналастырады:
- баланың атынан;
- отбасының ересек мүшесі атынан;
- бірге.
Бағалау критерийлері: мазмұндылығы, креативтілігі, отбасылық құндылықтарды көрсету.
3.4 Екінші кезең
Екінші кезең 2020 жылдың 15-25 мамыры аралығында өткізіледі.
Интернет-жобаға қатысушы отбасы «Болашақтың Қазақстаны» тақырыбына ұзақтығы 3 минутік бейне ролик орналастырады және елді дамыту бойынша идеяларды ұсынады.
Бағалау критерийлері: мазмұндылығы, креативтілігі, отбасылық құндылықтарды көрсету.
3.5. Соңғы кезең
Соңғы кезең 2020 жылдың 1 маусымында YouTube арнасында өтеді
Интернет-жобаның қорытындысы барлық қатысушы отбасының бейне көрулері мен репостар бойынша шығарылады(видео-өтінім+1-ші бейне+2-ші бейне).
Бір номинацияда жеңген қатысушы отбасы басқа номинацияда жеңімпаз бола алмайды.
Интернет-жобаның жеңімпаздары құрмет дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады.