Егіндікөл ауданы әкімдігінің
«№ 2 Егіндікөл орта мектебі»КММ
egn_sh @mail.ru (8 (71642)21787)
Оқушы 9 «А» сынып: Абашева Эльвира
Отбасының амандығы - елдің амандығы
Отбасының амандығы-бұл елдің амандығы.Себебі ,ел қоғамның кішкентай бөлшегінен ,отбасынан тұрады.Халық –мемлекеттің негізгі қозғаушы күші,ал бүкіл халық-отбасы. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Егер әр отбасында татулық пен береке болса,онда ел гүлденеді.Себебі оның тұрғындары бақытты болады. Кеме дұрыс болмаса, суға кететініңіз сияқты, отбасындағы тәрбие дұрыс болмаса, жаныңа жылу бермесе, өмір атты теңізде де дұрыс жүзе алмайсыз. Сондықтан әр адам отбасы жылуын сезінуі тиіс. Мейлі ол бала болсын, мейлі ол ана болсын, мейлі ол қарт болсын, ол отбасының мейрімі мен махаббатына бөленуі керек. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды. Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек! Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы!
Егер мемлекет әр отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ете алатын болса,онда елде дағдарыс болмайды.Жұмысшылыр көп болады.Ең бастысы бәрі бақытты және өз мемлекетіне көмектесуге дайын болады.