Текст
Бастауыш сыныптар ӘБ 5 отырысы өткізілді. Отырыс барысында ҚМ басшысы оқушылардың жетістіктеріне мониторинг, 4 тоқсанның қорытындысы, 2-4 сыныптардың білім сапасына салыстырмалы талдау жасады. Бастауыш сынып мұғалімдері өзін-өзі тәрбиелеу тақырыбы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, оқу жылының қорытындысы бойынша өз іс-әрекеттеріне өзіндік талдау жасады. Әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелерімен 2024-2025 оқу жылына арналған міндеттер талқыланды.