Текст
"Мың бала" - ауыл балаларын қолдау мен дамытуға, олардың қала құрдастарымен табысты бәсекелесуіне жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.
Ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасының ІІ кезеңі 2020 жылғы 21 тамызда Нұр-сұлтан қаласындағы НЗМ базасында өткізілді. Бұл кезеңге біздің мектептің оқушылары - Исабек Әлім және Эйхвальд Екатерина қатысты. "Мың бала" олимпиадасының нәтижелері 14 күннен кейін белгілі болады.